Қырғызстанда депутат Артықбаев сыбайлас жемқорлық бойынша ұсталды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды kabar.kg Қырғызстанның МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Қырғызстан Республикасының Бас прокуроры 2018 жылдың 5 маусымында Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Осмонбек Артықбаевқа қатысты «Бішкек қаласының ЖЭО жаңғырту» жобасын жүзеге асыруға байланысты Қылмыстық кодекстің 303-бабы 1-бөлігі (сыбайлас жемқорлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында депутат О.Артықбаев күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар