Қырғызстанда COVID-19-ға қарсы 7 мыңдай адам вакциналанды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша ел аймақтарында вакцина алғандар саны:
- Бішкек қаласында – 751 (оның 123-і соңғы тәулікте)
- Ош қаласында – 661 (оның 159-ы соңғы тәулікте)
- Шу облысында – 649 (оның 135-і соңғы тәулікте)
- Ош облысында – 2 481 (оның 337-сі соңғы тәулікте)
- Ыстықкөл облысында – 144;
- Талас облысында – 484 (оның 18-і соңғы тәулікте)
- Нарын облысында – 508 (оның 52-сі соңғы тәулікте)
- Жалалабат облысында – 1059 (оның 495-і соңғы тәулікте)
- Баткен облысында – 183 (оның 71-і соңғы тәулікте)
Еске сала кетейік, 19 наурызда республикалық иммунопрофилактикалық орталығы арқылы қытайлық Beijing Institute of Biological Product Co.Ltd өндірушісінің «Синофарм» активтелген 150 мың доза вакцинасы алынды.
Вакцинация екі компонентпен 25-28 күн аралығында жүргізіледі. Осы вакцинамен иммундаудан кейін жанама әсерлер тіркелген жоқ.