Қырғызстанда COVID-19 ауруына шалдыққандар саны өсіп келеді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда коронавирус инфнециясына шалдыққандар саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі елдің коронавирусқа қарсы күрес бойынша жедел штабына сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасы Аурудың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, елде бір аптада коронавирустың 48 жағдайы тіркелген. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 19 адамға көп. Оның 9 жағдайы Ресейден, Түркиядан, Өзбекстаннан, АҚШ-тан әкелгендер. 3-еуі ауруханада жатыр, олардың жағдайы орташа ауыр.

Билік COVID-19-дан өзін және туыстарын қорғаудың ең сенімді және тиімді әдісі вакцина салдыру екенін еске салады.

Қырғызстанда пандемия басталғалы бері 201 мың 101 жағдай тіркелген. Елде вакциналаудың толық курсынан 1 322 098 адам өткен, бірінші дозасын 1 571 858 адам салдырған.


Фото: pixabay.com
Соңғы жаңалықтар