Қырғызстанда бүгін екі рет жер сілкінді

None
Фото: Anadolu Agency
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бүгін Қырғызстанда екі рет жер сілкінді. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Біріншісі сағат 4:03-те тіркелді, эпицентрінде күші 3 балл болған. Ошағы Қырғызстанның Қытаймен шекарасында, Ыстықкөл облысында орналасқан. Екіншісі де сағат 8:03-те осы өңірде болған, күші - 3 балл.

Қырғыз Республикасының аумағында дүмпу сезілмеген.


Соңғы жаңалықтар