Қырғызстанда бизнесті тексеруге уақытша тыйым салынды

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін кәсіпкерлерді тексеруге уақытша тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай бұйрыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды.

Құжатқа сәйкес, жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызметіне қолдау көрсету және оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тексеру жүргізуге уақытша мораторий шағын, орта және ірі бизнес субъектілеріне, сондай-ақ Қырғызстанның коммерциялық банктеріне қатысты.

Қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, негізсіз, қайталап немесе заңсыз тексеру жүргізген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылады, тіпті атқаратын лауазымынан босатылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар