Қырғызстанда бидай экспортына тыйым салынады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыстан бидайды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге шығаруға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мораторий елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыру мақсатында енгізіліп отыр. Реэкспорт, транзит, сондай-ақ Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті көрсететін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне көмекке тыйым салынбайды.

Тыйым салуды алты ай мерзімге енгізу ұсынылды.


Фото: phonoteka.org


Соңғы жаңалықтар