Қырғызстанда азық-түлік бағасы мен тарифтер қымбаттап жатыр

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда тұтыну бағалары мен тарифтердің өсуі байқалады, ол 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 10 айда 12,1%-ды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Қырғыз Республикасының Ұлттық статистикалық комитетіне сілтеме жасап. Азық-түлік тауарларының ішінде құмшекер – 33,5%-ға, ұн – 26%-ға, макарон өнімдері және басқа да астық өнімдері – 22,5%-ға, сүт өнімдері – 22,4%-ға, піскен нан өнімдері –21,6%-ға, шошқа еті –18,9%-ға, балық – 20,1% -ға, сары май – 17,3%, кептірілген жемістер мен жаңғақтар – 16,9%-ға, нан – 16,5%-ға, алкогольсіз сусындар – 14,9%-ға, қарақұмық жармасы – 14,4%-ға, күріш – 14,7%-ға, қой еті – 12,5%-ға, сиыр еті – 11,2%-ға қымбаттады. Азық-түлік өнімдерімен бірге алкоголь және темекі өнімдері 19,4%-ға, азық-түліктік емес тауарлар 10%-ға, халыққа көрсетілетін қызметтер тарифтері 8%-ға қымбаттаған. Бағалар мен тарифтердің өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Бұл ретте ең жоғары өсім – Нарын облысында (14,8%). Мұнда басқа өңірлермен салыстырғанда, алкоголь мен темекі өнімдерінің бағасы 43,8%-ға артқан.


Соңғы жаңалықтар