Қырғызстанда ата-анадан мектеп қорына жарна алу мәселесі қарастырылуда

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның Білім министрлігі ата-аналардың мектептерге қаржылық қолдау көрсету мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 5 тамызында өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Білім министрі Болотбек Купешев «Кактус Медиа» редакциясы журналистерінің мектептер жанындағы ата-ана қорлары туралы сұрағына жауап бере келе, ата-аналар тарапынан енгізілетін біржылдық сумманы белгілеген артық болмас еді деген пікір білдірді. Оның айтуынша, ата-аналардың ақшасы мектептердің материалдық-техникалық базасын (жөндеу жұмыстары және тағы басқасына) қосымша қолдауға бағытталады.

Министрдің бұл сөзі қоғамда қызу талқыға түсуде.

«Осы ретте, министрлік көп жылдар бойы қоғамда қарама-қайшы көзқарас және ата-аналардың кейістігін тудырып келе жатқан мәселені шешу үшін жұмыс тобын құрып отыр. Жұмыс тобының құрамына министрлік қызметкерлері, ата-аналар және азаматтық қоғам өкілдері енетін болады. Олар құқықтық, қаржылық, әлеуметтік және өзге де аспектілерді зерделеп, аталған проблеманы шешу жолдарын ұсынады», - делінген Кабар ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар