Қырғызстанда әскери тікұшақ апатты жағдайда қонды, зардап шеккендер бар

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат - Қырғызстанның Чон-алай ауданында әскери тікұшақ құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери тікұшақ апатты жағдайда қонды.

Ноокат жалпыдәрігерлік практика орталығы директорының орынбасары Ертабылды Көккөзовтың жедел мәліметтері бойынша, Ош облысы Ноокат ауданының Кичи-алай мекенінде тікұшақпен болған оқиға салдарынан адамдар зардап шекті.

«Оқиға орнына үш жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. Зардап шеккендер стационарларға түскен кезде қосымша ақпарат беріледі», - деп жазады Кабар.


Соңғы жаңалықтар