Қырғызстанда апта бойы 42 градусқа дейін аптап ыстық сақталады

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан аумағында аптап ыстық болады. Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елдегі кейбір аудандарда ауа температурасы + 42 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Метеоқызмет дерегі бойынша, 20-25 шілде аралығында Шу облысының аумағында + 41 градусқа дейін, Талас алқабында + 39 градусқа дейін, Баткен, Ош және Жалал-Абад облыстарында + 42 градусқа дейін, Нарын облысында + 36 градус, Ыстықкөлде + 34 градусқа дейін, таулы аудандарда + 24-29 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.

Ведомство халықты көбірек су мен салқын сусындар ішуге, ашық күн астында жүрмеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын мол суаруға шақырып жатыр.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар