Қырғызстанда «Әлем аруының» өліміне кінәлі адам 10 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстықкөл аудандық соты Чынгыз Кондурбаевты Әлем аруы Сәния Шәкірова қаза тапқан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жасазына кесті. Бұл жөнінде «Кабар» агенттігіне зардап шеккен тараптың қорғаушысы Рустам Абдурауфов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, Шәкірованың бұрынғы күйеу жігітіне қаза тапқан әйелдің анасына 2 млн сом көлемінде моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.
«Кондурбаев мас күйінде жол апатына ұшырап, оқиға орнынан жасырынғаны үшін толықтай кінәлі деп танылды. 10 жылға қоныс колониясына қамалды. Сондай-ақ, 2 млн сома түріндегі моральдық өтемақы төлейтін болады», - деді қорғаушы.

Сондай-ақ, заңгер зардап шеккен тарап бұл сомаға келіскенін және келісімге қатысты шағым түсірмейтінін жеткізді.

Еске салайық, 2018 жылғы 2 маусымда Ыстықкөл облысында жол апаты болып, Сәния Шәкірова қаза тапқан еді. Жол бойымен батысқа қарай жүріп келе жатқан такси жүргізушісі рөлді басқара алмай, қоршауға соғылған. Көлікте тағы да 2 адам болды. Сәния Шәкірова оқиға орнында көз жұмып, жолаушы мен жүргізуші жарақат алған еді.

Кейінірек көліктің рөлінде қаза тапқан әйелдің бұрынғы күйеу жігіті болғаны анықталды. Жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған.

Соңғы жаңалықтар