Қырғызстанда әкімшілік-аумақтық құрылымды реформалау жүргізіледі

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанда әкімшілік-аумақтық құрылымды реформалауды кезеңмен жүзеге асыру жол картасын жасап, бекітуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С. Жээнбеков «Қырғыз Республикасындағы әкімшілік-аумақтық реформаларды жүргізу бойынша шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, құжатта «қолданылып жатқан әкімшілік-аумақтық реформа шаралары мемлекеттік билікті орталықсыздандыруға, жергілікті өзін-өзі басқару қызметін қаржыландырудың тиімді тетіктерін құруға, әлеуметтік-экономикалық мақсаттылықты және өңірлерді дамыту мәселелерін шешуді ескере отырып, шалғайдағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді үлкейтуге бағытталуы тиіс» делінген.

Осыған байланысты елдің үкіметіне 2018 жылдың қыркүйек айының аяғына дейін әкімшілік-аумақтық реформа бойынша жұмыс тобын құру ұсынылды. 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс тобы Қырғыз Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшін жол картасын әзірлеп, бекітуі керек.

Соңғы жаңалықтар