Қырғызстанда 94 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған

None
None
БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғызстанда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 729 адамға жетті, оның 437-сі сауығып, ауруханадан шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 вирусын жұқтырғандардың 394-і – әйел, 355-і – ер адам.

Жас мөлшері бойынша:

- 15 жасқа дейінгі балалар – 94, оның 4-еуі – бір жасқа дейінгі сәби;

- 16-дан 19 жасқа дейін – 20 азамат;

- 20-дан 35 жасқа дейін – 204 азамат;

- 35-тен 55 жасқа дейін – 253 азамат;

- 55 жастан жоғары – 158 азамат.


Соңғы жаңалықтар