Қырғызстанда 6 балдық жер сілкінісі болды

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 мамыр күні Алматы уақытымен 15 сағат 54 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар, Қырғызстан Сейсмология институты сейсмологиялық станциясы бүгін жергілікті уақыт бойынша күндізгі 15 сағат 54 минутта 6 балдық жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 515 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.3, магнитудасы – 5.1.

Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар