Қырғызстанда 500 мыңға жуық адам вакциналанды

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанда коронавирус санының азайғанына қарамастан, күн сайын аурудың алдын алу бойынша жұмыстар белсенді түрде жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Елде күн сайын ауыратындар саны ресми түрде 200-ден аспайды. Бүгінгі күнге дейін кем дегенде бір дозамен 700 мыңнан астам адам вакциналанды. Вакцинацияның толық курсынан 500 мыңға жуық адам өтті.

Күнделікті процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, өзге адамдармен жиі байланыста болатын адамдар егіледі. Бір аптадан кейін жаңа оқу жылы басталатындықтан, бұл маңызды. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі білім беру процесіне қатысы бар адамдардың көпшілігі коронавирусқа қарсы вакциналанды, сондықтан оқу жылы дәстүрлі форматта басталады деп хабарлады.

«Қырғызстанда вакцинация Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Алдымен вакцинаның кепілдендірілген сапасымен қауіпсіз және тиімді екенін анықтау керек. Вакциналарды енгізу және пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмысты вакциналар мен иммундау бойынша Қырғызстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы консультациялық топ - Иммундау жөніндегі ғылыми-техникалық сарапшылар тобы жүргізеді», - деді жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрмұхаммед Бабажанов.

Күз мезгілінің басында елде вакцина тапшылығы жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйек айының басында елге 3 миллионнан астам вакцина келіп түскенін, оның ішінде 1 миллион доза пайдаланылғанын хабарлады.

1-10 қыркүйек аралығында халықты коронавирусқа қарсы вакциналау бойынша ауқымды акция басталды.


Соңғы жаңалықтар