Қырғызстанда 32 үй су астында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Тон ауданының Ақсай ауылында күшті тасқын салдарынан 32 үйді су басты, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, табиғи апаттан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Кеше толассыз жауған нөсер салдарынан Көксай ауылында 5,5 гектарлық егіндікті, Тоғызбұлақ ауылында ішкі жолдарды су шайып кеткен.

Бұдан тыс, Ақсай ауылында селден қорғау үшін соғылған бөгетті де су бұзып кеткен.

Билік өкілдері табиғи апат салдарынан келген материалдық шығынның көлемін есептеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар