Қырғызстанда 2020 жыл цифрландыру және балаларды қолдау жылы деп жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков 2020 жылды Өңірлерді дамыту, елді цифрландыру және балаларды қолдау жылы деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтемемен.

Бұл туралы Қырғызстан президенті жаңажылдық құттықтауында айтты.

«Ескі жылда қол жеткізгеніміздің барлығы - сіздердің күн сайынғы еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің нәтижесі. Құрметті отандастар, сіздердің қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін. Өткен жылдың жағымды өзгерістері жаңа жылда да жалғасын табады. Сонымен қатар, балаларымызға ерекше назар аударылады. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, әр баланың лайықты өмірін қамтамасыз ететінімізге сенімдімін. Осы мақсатта Жаңа 2020 жылы «Өңірлерді дамыту, елді цифрландыру және балаларды қолдау жылы» деп жариялауды ұйғардым. Балаларға қамқорлық жасау - бұл өмірдегі ең игі іс. Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты қырғызстандықтар», - деді С. Жээнбеков.



Соңғы жаңалықтар