Қырғызстанда 2 рет жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстанда 3 және 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының мәліметінше, 8 қыркүйек күні сағат 21:04-те Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында қуаты 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. 2,5 балдық жерасты дүмпулері Пулгон, Қадамжай ауылдарында сезілген.

9 қыркүйек күні сағат 05:57-де Ош облысында да қуаты 3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері (2 балл) Жар-Башы, Қара-Шыбақ ауылдарында да сезілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар