Қырғызстанда 108 адам тойханада астан уланды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 2 тамыздағы жағдай бойынша тойханада уланғандар саны 108 адамға жеткенін хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Баткен облысы Қадамжай ауданындағы «Алмаз» тойханасында болған.

Ақпаратқа сәйкес, тамақтан уланып қалған 23 адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуі бала. Өз кезегінде 85 адам амбулаторлық ем алуда, соның ішінде 1 бала бар.

«Уланғандардың жағдайы қанағаттанарлық, бұрын жансақтау бөлімінде жатқан 2 баланың жағдайы жақсарып, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», - делінген хабарламада.



Фото: kabar.kg





Соңғы жаңалықтар