+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Қырғызстанда 10 қаңтар күні Президент сайлауы өтеді

2020 жылғы 24 қазан 14:17
Бөлісіңіз:
Қырғызстанда 10 қаңтар күні Президент сайлауы өтеді

БІШКЕК. КАБАР - ҚазАқпарат – Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Мұндай шешім Орталық сайлау комиссиясында қабылданды. Бұл туралы «Кабар» агенттігіне ОСК төрағасының орынбасары Әбдіжапар Бекматов мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова мәлім еткендей, президенттің отставкасынан кейін елде мерзімінен бұрын сайлау үш ай ішінде өтуі тиіс.

Қырғызстан заңына сәйкес, егер Парламент президенттің өкілеттігі тоқталығаннан кейін бір апта ішінде кезектен тыс президенттік сайлауды белгілейтін болса, онда келесі күні сайлау ресми тағайындалған болып есептеледі.

Осыған орай, сайлауды 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізу ұсынылды.

«ОСК мүшелері ұсынысты қолдады», - деді Бекматов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT