Қырғызстан жүк тасымалын бақылау үшін навигациялық пломбалар қолданады

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан парламенті Еуразиялық экономикалық одақта жүк тасымалын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің сайтына сілтеме жасап.

Келісім ЕАЭО ішкі шекараларында бақылау шараларын барынша азайтуға және мүше мемлекеттердің транзиттік тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ Одақ аумағындағы тауарлардың қадағалануын және олардың заңды айналымын қамтамасыз етуге бағытталған.

Навигациялық пломбалар ЕАЭО-қа мүше елдердің аумағы бойынша санкциялық тауарларды, алкоголь және темекі өнімдерін тасымалдайтын автомобиль және теміржол көліктеріне орнатылады. Әр пломба нөмірленген әрі бір рет қолданылатын болады.

Фото: 4esnok.by

Соңғы жаңалықтар