Қырғызстан ұлттық банкі шетел валютасымен жасалатын операцияларға шектеу қойды

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Ұлттық банкі шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге уақытша шектеу қою жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі қаржы реттеушісіне сілтеме жасап.

Бұл шешім мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі қаржы нарығына кері әсер ететін факторларды барынша азайту мақсатында қабылданды.

Қаулы бұзылған жағдайда коммерциялық банктерге және айырбастау пунктеріне лицензиядан айыру, сондай-ақ тиісті лауазымды тұлғаларға ықпал ету шаралары қолданылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әлемдік оқиғаларға байланысты елдің ішкі валюта нарығында қолма-қол АҚШ доллары тапшылығы болған.

Қырғызстандықтар долларды айырбастау пунктерінде де, коммерциялық банктерде де сатып алу мәселесіне тап болды.


Фото: nbkr.kg


Соңғы жаңалықтар