Қырғызстан Ұлттық банкі елдегі банк пен қаржы ұйымдарының жұмысын тоқтатуды ұсынды

None
None
БІШКЕК. КАБАР - ҚазАқпарат – Қырғызстан республикасының Ұлттық банкі елдегі қаржы-банк секторының қауіпсіздігі мен қаржы-несие ұйымдары активтерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында коммерциялық банктер және банктік емес қаржы-несие ұйымдарына 6 қазан күні қызметін тоқтатып, қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ұлттық банк қаржы қызметін ұсынуға байланысты мәселелердің туындауы жағдайында қаржы ұйымдарына онлайн қызмет көрсету (телефон, электрондық пошта, әлеуметтік желілер және мессенджерлер және т.б.) арқылы жүгіну қажеттігін айтып отыр.

«Жұмыс уақыты, қызмет түрлері туралы ақпарат қаржы ұйымдарының интернет сайттарында қолжетімді болады. Ұлттық банк жағдайды қадағалап отыр және қажеттілік туындаған жағдайда елдегі қаржы және банк жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды», - делінген мәлімдемеде.


Соңғы жаңалықтар