Қырғызстан Түркияда зардап шеккендерге қаражат жинауды бастады

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірыңғай депозиттік шот ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғызстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметіне сілтеме жасап.

Түркия Республикасына ақша аударымы түрінде өз еркімен көмек көрсеткісі келетін барлық азаматтар үшін «Айыл Банк» ААҚ-да депозиттік шот ашылды (шот реквизиттері: СТН 01803199710084, БСК 135001, ОКПО 30597768, №1350102119900169 (сом, АҚШ доллары, еуро), төлем коды 14411100 – «Ағымдағы көмек», мақсаты – Түркия Республикасына ерікті азаматтар мен заңды тұлғалардың көмегі).
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде 112 нөмірімен жедел желі ашылды), Қырғызстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ахуалдық орталығына (0312) 662292 нөмірі бойынша сенім телефоны ашылды.
Қырғызстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшылығы мен қызметкерлері Түркияның оңтүстік-шығысында өткен жойқын жер сілкінісіне байланысты материалдық көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстан соңғы мәліметтер бойынша 3419 адам қаза тауып, 20538 адам жарақат алған табиғи апаттардың салдарын жоюға Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 63 адамнан тұратын құтқарушылар тобын Түркияға жіберген. Жақын арада Қырғызстан Түркияға а гуманитарлық көмек жібермек.
Авторы: Гүлмира Әбдірахманова

Фото: REUTERS


Соңғы жаңалықтар