Қырғызстан туристерді кіргізу алгоритмін бекітті

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстан үкіметі туристер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды ел аумағына кіргізу алгоритмін бекітті. Бұл туралы Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Туризм департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз еліне келушілердің қолында:

- ПТР-тестің теріс нәтижесі көрсетілген анықтама (сынама жүргізілгеннен 72 сағаттан аспауы тиіс)

- немесе COVID-19 вирусына қарсы вакцина алғанын растайтын құжат (қағаз немесе электронды үлгіде) болуы тиіс.

«Бес жастан асқан балаларды да ата-аналары жоғарыда аталған құжаттармен қамтамасыз етуі тиіс.

Вакцина алған азаматтар (туристеер) елге әуе жолымен 2021 жылдың 19 маусымынан, ал жерүсті жолмен 11 маусымнан бастап келе алады», - деп жазады агенттік.


Соңғы жаңалықтар