Қырғызстан тұрғыны Алматыдағы митингіге қалай тап болғаны туралы: 90 мың теңге ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстан тұрғыны Алматыдағы митингіге қалай тап болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Qazaqstan телеранасында Қырғызстан тұрғының Алматыдағы митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ақша ұсынылғаны туралы видео көрсетілді.


«1 қаңтар күні маған бейтаныс адамдар қоңырау шалып, 90 мың теңге беретіндерін айтып, митингіге қатысуды ұсынды. Мен Қырғызстанда жұмыссыз жүргендіктен келістім. Олар маған билет сатып әперді де, 2 қаңтар күні Алматыға ұшып келдім. Мені олар пәтерге алып барды. Онда Тәжікстан, Өзбекстан азаматтары да бар екен. Олардың сөздерін түсінген жоқпын. Митинг басталған кезде қорқып кетіп, пәтерге қайтып келдім. Сонда түнеп, келесі күні үйге қайтуға бекіндім. Бірақ мені Самсы ауылында әскерилер ұстап алды. Пәтерде 10-ға жуық адам болған шығар», -деп еске алады аты-жөні көрсетілмеген бейтаныс адам.

Еске салсақ, ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев: Алматыдағы оқиғаларға байланысты 125 сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтқан болатын.

«Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, бұзақылық, кісі өлтіру, сондай-ақ қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтың барлық фактілері бойынша сотқа 125 дейінгі тергеу басталды. 5 мыңнан астам адам ұсталды», - деді министрдің міндетін атқарушы.


Соңғы жаңалықтар