Қырғызстан шетелден әкелінетін көлік салығын төмендетті

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат -Қырғызстанда шетелден әкелінетін көліктерге салынатын кеден бажының жарнасы төмендеді, деп хабарлайды Кабар.

Үкіметтің сәйкес қаулысына Қырғыз Республикасының премьер-миистрі Мұхаммедкалый Абылғазиев қол қойды.

Агенттік хабарлағандай,  дәл осындай шешім жеке тұлғаларды электрлік және гибридтік қозғалтқыштағы автокөліктерді жеткізуге ынталандыруға, тозығы жеткен көліктердің санын қысқартуға, сондай-ақ елдің автомобиль паркін жаңартуға бағытталған.

Айталық, Үкіметтің аталған қаулысы негізінде кеден бажының бірыңғай мөлшерлемесі, бензин және дизельмен жүретін автокөліктеріне қатысты кеден бажы мен салықтардың бірыңғай көлемі 2014 жылғы  деңгейге дейін төмендетілді.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар