Қырғызстан Ресейден Ошқа әскери күш кіргізуін сұрауда

None
None
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстан Уақытша үкіметінің басшысы Роза Отынбаева Ресейден бітімгершілік көмек сұрады. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлап отыр.

Үкімет басшысының айтуынша, Ош қаласындағы жағдай соңғы уақытта шұғыл ушығып кеткен, бұл алдын ала болжанбаған зардаптарға әкелуі мүмкін. «Бізге басқа елдерден әскери күш кіргізу қажет. біз Ресейден көмек сұрадық. РФ Президенті Дмитрий Медведевтың атына жазылған осындай хатқа қазіргі уақытта менің қолым қойылды», деді ол.

«Барлық күш-жігеріміз бізге жанжал аумағындағы ахуалды бақылауға алуға көмектеседі деп сенеміз», деді өз мәлімдемесінде Р.Отынбаева.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан кемінде 49 адам қаза тапқан, жаралылардың саны шапшаң өсу үстінде және таяу арада мыңға жетуі мүмкін. Оқиғаны көзбен көргендер қазірдің өзінде жүздеген адамның қаза болғандығын хабарлап отыр. Алайда бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар