+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды

2017 жылғы 28 қаңтар 06:25
Бөлісіңіз:
Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының президенті жаңа Конституцияға қол қойды. Салтанатты шара барысында Алмазбек Атамбаев заңға өзгертулер енгізу туралы бастамаға ел азаматтары қолдау көрсеткенін атап өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Еске сала кетейік, 11 желтоқсанда өткен жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Ата заңға 40-қа жуық өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Қырғыз елінің басшысы жаңа Конституция президент өкілеттілігін азайтып, Парламент пен Премьер-министрдің құзыретін кеңейтетінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ Алмазбек Атамбаев Ата заңды халыққа жария ету туралы Жарлыққа қол қойды. Ал ел үшін ең маңызды құжаттың 4 көшірмесі Парламент, Үкімет, Жоғарғы сот пен Конституциялық палатаға табыс етілді. Ал құжаттың түпнұсқасы президент әкімшілігінде сақталмақ.

Айта кеткен жөн, соңғы 22 жылда Ата заңға 7 рет өзгеріс енгізілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT