Қырғызстан Президенті Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. КАБАР - ҚазАқпарат – Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес, Қырғызстанның Министрлер кабинеті отставкаға жіберіледі.

Министрлер кабинетінде қызмет етіп келгендер жаңа құрам қалыптасқанша өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.


Соңғы жаңалықтар