Қырғызстан президенті Өзбекстанмен жекелеген шекара учаскелері туралы келісімге қол қойды

None
БІШКЕК. Кабар - ҚазАқпарат – Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров «2022 жылдың 3 қарашасында Бішкекте қол қойылған қырғыз-өзбек Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Қырғызстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заңды Қырғызстан Жогорку Кенеші биылғы 17 қарашада қабылдады.

«Аталған Заң 2022 жылдың 3 қарашасында Бішкекте қол қойылған қырғыз-өзбек Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы келісімді ратификациялауды ұсынады», - делінген ақпаратта.

Мәселен, 3 қарашадағы Келісімге 302,29 км қашықтықты қамтитын қырғыз-өзбек Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері енген.


Соңғы жаңалықтар