+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қырғызстан президенті отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады

2020 жылғы 15 қазан 14:16
Бөлісіңіз:
Қырғызстан президенті отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 15 қазан күні Қырғызстан азаматтарға елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты үндеу жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысы үндеуінің толық мәтінін жариялады.

«Құрметті отандастар!

Еліміздің астанасы Бішкек қаласында қоғамдық-саяси жағдай күрделі болып отыр.

Кеше Жогорку Кенеш Үкімет құрамын бекітті, мен Қырғыз Республикасы президентінің тиісті тағайындаулар туралы жарлығына қол қойдым. Бірақ бұл шиеленіскен жағдайды қалпына келтірмеді.

Өкінішке қарай, агрессия азаймаған. Менің тез арада отставкаға кетуімді талап етіп жатыр.

Қазіргі жағдай екіжақты қақтығысқа жақын.

Бір жағынан – наразылық білдірушілер, екінші жағынан – құқық қорғаушылар. Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары Мемлекеттік резиденцияны қорғау үшін қару қолдануға міндетті. Мұндай жағдайда қан төгілетіні сөзсіз. Мен екі тарапты да арандатушылыққа берілмеуге шақырамын.

Құрметті менің отандастарым!

Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, ел бүтіндігі, халқымыздың бірлігі мен қоғамдағы тыныштық бәрінен де жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен асқан ештеңе жоқ.

Мен билікке таласпаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарына оқ жаудырып, қан төккізген президент ретінде қалғым келмейді.

Сондықтан мен отставкаға кету жөнінде шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа саясаткерлерден өз жақтастарын ел астанасынан алып кетіп, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтарып беруді сұраймын.

Ешқандай билік еліміздің бүтіндігі мен қоғамдағы татулықтан артық емес.

Барлығыңызды Тәңір қолдасын, туған жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын» делінген үндеуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT