Қырғызстан Президенті Қазақстанды маңызды серіктес деп атады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков Жоғарғы кеңестің отырысы кезінде отандастарына арнаған жолдауында елдің сыртқы саясатындағы басым бағыттарды  айқындады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі. 

«Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан сынды көршілес елдермен достық қарым-қатынасты нығайту халқымыздың жағдайына оң әсерін тигізеді. Біз мұны сыртқы саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде бағалаймыз», - деді С.Жээнбеков.

Қырғызстанның стратегиялық серіктесі және одақтасы Ресеймен жан-жақты байланысты дамытуы - сыртқы саясаттағы тапжылмас басымдығы болып саналады. Сондай-ақ, көршілес Қытай Халық Республикасымен орнаған арадағы қарым-қатынас стратегиялық деңгейге көтерілген.

«Түркия, Жапония, Корея, АҚШ, Еуроодаққа мүше елдер, сондай-ақ, араб елдерімен екіжақты және көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтамыз», - деді Қырғыз Республикасының Президенті.

Сондай-ақ, ел президенті Қырғызстанның ЕАЭО-ға мүше болуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Біз Қырғызстанның тауарларын әлемдік нарыққа экспорттау үшін бар мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз. Елдің транзиттік және өндірістік әлеуетін одан әрі дамытамыз», - деді өз сөзінде С.Жээнбеков.

Соңғы жаңалықтар