Қырғызстан Президенті: Біз халықтың бөлінуіне, тұрақсыздық орнауына жол бермейміз

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – «Біз халықтың бөлінуіне , тұрақсыздық орнауына жол бермейміз», деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламенттің кезектен тыс отырысында. Бұл туралы «Кабар» агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, елде заңдылық, бейбітшілік пен қауіпсіздік үстемдік етуі үшін барлық шаралар қолданылады.

«Атамбаевтың тарабы атыс қаруын қолданғанына қарамастан, арнайы күштер атыс патрондарын пайдаланған жоқ», - деп атап өтті Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 8 тамызда Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында.

Мемлекет басшысы жағдайды ушықтыруға жол бермеу үшін шаралар мен резеңке оқтар қолданылғанын ерекше атап өтті.

«Егер кешегі күнге дейін Атамбаевты тергеуге куәгер ретінде шақырса, енді оған аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде қарайтын болады», - деді Жээнбеков.

Сондай-ақ, кеше Атамбаевтың үйіне шабуыл жасау кезінде тұтқынға алынған арнайы қызмет қызметкерлері босатылды. Бұл туралы парламенттің отырысында депутат Мыктыбек Абдылдаев хабарлады.

Соңғы жаңалықтар