Қырғызстан президенті: Баткен шекарасындағы жағдай –жеке бақылауымда

None
None
БІШКЕК.Кабар-ҚазАқпарат – «Баткен облысындағы шекарадағы жағдай менің жеке бақылауымда», - деп мәлімдеді Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін Ақсай ауылындағы тұрғындармен кездесуде. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің мәлімдеуінше, С. Жээнбеков Тәжікстанның Исфара қаласына барар жолда Ақсай ауылына түсіп, оның тұрғындарымен кездескен.

«Қазір тәжік тарапымен бірлесе қарастырған шаралардың арқасында жағдай тұрақталды. Баткен облысындағы шекараға Ішкі істер органдары мен Мемлекеттік шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді. Өздеріңіз көріп отырсыздар, осы жұмыстар біздің өткендегі кездесулерімізден кейін шұғыл түрде іске асырылды. Енді шекарадағы жағдайды бақылау жөніндегі патруль жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі. Шекара толығымен біздің бақылауымызда болады», - деді Жээнбеков.

Қырғызстан президенті Ақсай ауылы тұрғындарымен кездескеннен кейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу үшін Тәжікстанның шекарадағы Исфара қаласына аттанды.

Соңғы жаңалықтар