Қырғызстан Премьер-министрі өзін президенттің міндетін атқарушы ретінде жариялады

БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Қырғыстан Премьер-министрі Садыр Жапаров өзін президент міндетін атқарушы ретінде жариялады. Бұл туралы ол Үкімет үйі жанындағы Ескі алаңда митингіге қатысушылармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
«Президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы өтініш жазды. Жогорку Кенеш спикері Қанат Исаев та президент міндетін атқарудан бас тартып, ол да өтініш жазды. Президенттің және премьер-министрдің құзыреті маған өтеді», - деді Жапаров.
Еске салайық, бүгін, 15 қазан күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты ел халқына үндеу жасады.
Онда ол: «Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, ел бүтіндігі, халқымыздың бірлігі мен қоғамдағы тыныштық бәрінен де жоғары.
Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен асқан ештеңе жоқ.
Мен билікке таласпаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарына оқ жаудырып, қан төккізген президент ретінде қалғым келмейді.
Сондықтан мен отставкаға кету жөнінде шешім қабылдадым», - деп атап өтті.
- Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды
- Коронавирус: Бейжіңде 100 мың такси жүргізушісі вакцина салдыруға жазылды
- Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны артты
- Еуропалық одақ COVID-19-дан «вакцинация төлқұжатын» енгізбек
-
Моңғол әншілері қазақтың танымал әнін орындады - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу
-
Беларусь Атом-электр стансасының 1-энергоблогы желіден ажыратылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам