Қырғызстан парламенттік сайлауды өткізу кезінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын күтеді (ФОТО)

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Батыс Еуропа елдері бойынша шетелдік сапарда және Австрияға ресми сапарының аясында Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ламберто Занньермен кездесу барысында парламенттік сайлауды өткізу кезінде ЕҚЫҰ-ның көмегіне үмітті екенін білдірді. Бұл туралы Қырғызстан Басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

«2015 жылдың күзінде бізде парламенттік сайлау өтуі тиіс. Біз оларды максималды түрде әділ өткізгіміз келеді. Парламентің кейбір депутаттары сайлауды ескі ережелер бойынша өткізбекші. Біз парламент сайлауының максималды түрде әділ болуы үшін оларды жаңа ережелер бойынша, жаңа жетістіктерді қолданумен өткізгіміз келеді. 2,5 жылдан кейін ҚР-ның жаңа Президентін сайлау өтеді, ондағы ашықтық пен әділдіктің маңызы одан да үлкен. Сіздің көмегіңізбен бұл сайлауды лайықты өткіземіз деп ойлаймын», - деді А.Атамбаев.

Өз сөзінде Ламберто Занньер Қырғызстанның демократиялық институттарды дамытудағы жетістіктерін атап өтіп, ЕҚЫҰ-ның парламент сайлауына дайындық жүргізіп, оны өткізуге көмектесуге даяр екенін білдірді. Сонымен бірге ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы өңірдегі жағдайға алаңдаушылығын білдіріп өтті.

«Қырғызстан әзірге проблемалармен қоршалған жоқ, - деп атап өтті ол, Ауғанстанды мысал ретінде келтіріп. - Әрине, біз өңірлеріңізде шетелдік сарбаздардың жүргеніне алаңдап отырмыз. Біздің елдеріңізбен қарым-қатынастарымыз өте жақсы. Мен үшін бұл кездесу диалогты жалғастырудың мүмкіндігі болып табылады».

Соңғы жаңалықтар