Қырғызстан пандемияға қарамастан, барлық елдер үшін әуе кеңістігін ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстан коронавирус пандемиясына қарамастан, әлемнің барлық елдерінің азаматтарына мемлекетке келуіне рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұрақты әуе қатынасымен елге келе алатындығын хабарлады. Бірақ авиажолаушыларда ұшып-қону уақытынан 72 сағат аспайтын уақытта жүргізілген коронавирусқа ПТР-сынаманың теріс нәтижесі туралы анықтама болуы керек.

Сонымен қатар, Қырғызстанға келгеннен кейін санитарлық-карантиндік пункттердің қызметкерлері де тест нәтижелерін тексереді. Егер анықтама мерзімі ұшу ұзақтығына немесе рейстің кешігуіне байланысты өтіп кетсе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар келген жері бойынша тағы бір рет ПТР-сынағынан өтуге міндеттелінеді.


Соңғы жаңалықтар