Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай: Қақтығыс аймағынан 848 адам көшірілді

None
None
БІШКЕК. Кабар ҚазАқпарат – Баткен облысындағы қақтығыс аймағынан эвакуацияланған қырғызстандықтардың саны 848 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Баткен облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың 498-і Баткен қаласына, 350-і Лейлек ауданына көшірілді. Эвакуацияланған тұрғындар тамақпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Шекарадағы жағдай одан сайын шиеленісіп, атыс жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай 28 сәуірде ТР азаматтары Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы су қабылдағышқа бейнебақылау камераларын орната бастағаннан кейін шиеленісе түсті. Бірлескен атыс нәтижесінде екі елдің тұрғындары бір-біріне тас лақтыра бастады. Кейіннен тәжіктер тарапы Қырғызстан азаматтарының жанынан өтіп бара жатқан автомашиналарға аңшылық мылтықпен оқ ата бастаған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 17 адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар