+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болып, бір әскери қызметші қаза тапты

2019 жылғы 16 қыркүйек 23:49
Бөлісіңіз:
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болып, бір әскери қызметші қаза тапты

БАТКЕН. КАБАР-ХОВАР-ҚазАқпарат — Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болып, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің бір әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғыздың «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігі ҚР МШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан мәліметіне сай, тәжік тарапы бірінші болып оқ атқан. Оқиға салдарынан қырғызстандық шекарашы қаза болған.

«Тәжікстан азаматтары шекара белгіленбеген аумақта құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастаған. Оған жауап ретінде Қырғыз азаматы да сол жерде орналасқан өз үйінің аумағында қоршау тұрғыза бастаған. Атыстың тууына осы оқиға себеп болған» делінген ҚР МШҚ хабарламасында.

Ал, Тәжікстанның «Ховар» ұлттық ақпарат агенттігінің ТР ҰҚК Шекара әскерінің баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қырғыз тарапы Согды облысы Бободжон Гафуров ауданы Овчи-Калача жамағаты Бахор махалласындағы спорт алаңында белгісіз нысанның құрылыс жұмысын бастаған. Бахор махалласының тұрғындары Қырғыз азаматтарынан құрылысты тоқтатуды сұраған. Оқиға салдарынан атыс болып, бірнеше тәжік азаматына оқ тиген.

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметінің өкілдері мәселенің ушығып кетпеуі үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Қырғызстан, Тәжікстан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT