Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы жағдайды реттеуге келісті

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бір күн бұрын Қырғызстан мен Тәжікстанның арнайы қызметтерінің басшылары екі елдің шекаралас аймақтарындағы жағдайды тұрақтандыру туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап.

Бұл құжат шекара сызығынан екі мемлекеттің қосымша күшін шығаруды, «Тамдық» (ҚР) және «Бедак» (ТР) шекара заставаларын, «Бұлақ-Башы» (ҚР) және «Кех» (ТР), «Катта-Тұз» (ҚР) және «Қарақшықұм» (ТР), Чайхана аймағындағы «Ақ-Сай» (ҚР) және Ходжаи-Аъло аймағындағы «Шаршара» (ТР) бекеттерін алып тастауды және бұл аймақтарда шекаралық бөлімшелердің ешбір түрін қалдырмауды көздейді.

Шекара заставалары мен бекет ғимараттары мен құрылыстары тоқтатылып, осы аумақтардағы қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын келісілген бағытпен жүретін жылжымалы шекара жасағы күзететіні хабарланды.

Сонымен қатар, қол жеткізілген келісушіліктерге сәйкес, бұл аймақтарда екі елдің шекаралас тұрғындарының жүріп-тұруына, шекараны заңды рәсім аяқталғанша кез келген шаруашылық және басқа да қызмет түрлерін жүргізуге тыйым салынды.

Қақтығыс жиі болатын аймақтарға бейнебақылау камералары орнатылады.

Бұл хаттама уақытша болып табылады және екі республика арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау процесі толық аяқталғанға дейін жарамды.


Фото:media-center.kg




Соңғы жаңалықтар