Қырғызстан мен Өзбекстан жаңа шекаралық өткізу бекеттерін ашуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан мен Өзбекстан шекаралық аудандарда жаңа шекаралық өткізу бекеттерін ашуы мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Кабар.

Бұл мәселелер 2-8 мамырда Жалалабад қаласында (Қырғызстан) өткен кезекті кездесу барысында қаралды.

«Екі елдің шекаралық аудандарындағы тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында тараптар жаңа шекаралық өткізу бекеттерін ашу мәселелерін қарады», - делінген хабарламада.

Кездесуде мемлекетаралық шекара учаскелерінде қалған сипаттамалар бойынша жұмыстар жалғасты. 



Фото: gdb.rferl.org 

Соңғы жаңалықтар