Қырғызстан мен Өзбекстан шекараны бөлу бойынша келісімге келді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ферғана қаласында 1-7 тамыз күндері қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегациялар жұмыс топтарының кездесуі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Кездесуде қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының жобалық желісі өткен жерлерді сипаттау мәселелері талқыланды. Келіссөздердің нәтижесінде екі мемлекет шекарасының 2 учаскесі келісілді», - дейді Қырғызстан үкіметінің  өкілдері.

Кездесулердің қорытындылары бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Жұмыс топтарының келесі кездесуі 2018 жылғы кездесулер жоспарына сәйкес, Қырғызстан аумағында, үстіміздегі жылдың қыркүйегінде болады.

Соңғы жаңалықтар