Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны межелеу аяқталды

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны делимитациялау процесін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында екі мемлекет басшылары қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасы туралы шартты ратификациялау грамоталарымен алмасып, сол арқылы шекара мәселесіне нүкте қойды.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасында саяси қайшылықтар жоқ, мемлекет басшылары шекара мәселесі бойынша диалог пен өзара қолайлы шешімдерді іздеуге дайын екендіктерін білдірді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан арасындағы ұзындығы 302,29 шақырымға созылған қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы келісім ратификацияланған.


Фото: yuz.uz


Соңғы жаңалықтар