Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

None
Photo: Getty Images
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсмикалық стансалар желісі 31 мамырда Алматы уақытымен 13 сағат 12 минут 46 секундта жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 316 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10. 9. Магнитудасы - 4.9. Эпицентр координаттары – 40.37° с.е. 77.14° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген Алматы қаласы ОСО кезекші оператордың хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар