Қырғызстан мемлекеттік тіл күнін атап өтуде

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстанда мемлекеттік тіл күні атап өтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Елде мемлекеттік тіл күні жыл сайын, 1989 жылы 23 қыркүйекте Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесі «Қырғыз КСР мемлекеттік тілі туралы» заң қабылдағаннан бастап атап өтіледі. Қырғызстанда мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми тіл ретінде кеңінен қолданылады.

Осы құжатқа сәйкес, елде республикада тұратын басқа ұлттардың тілдерін еркін дамыту қамтамасыз етіледі. Қырғыз Республикасының аумағында мемлекеттік тілдің қолданылуы басқа тілдерді пайдалануға кедергі келтірмейді.

Қырғыз тілінде қазіргі уақытта елде 5 миллионнан астам адам сөйлейді.



Фото: ktrk.kg





Соңғы жаңалықтар