Қырғызстан мектептерінде шет тілдерін оқуға қосымша сағаттар бөлінеді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі «Қырғыз Республикасындағы мектепте жалпы білім берудің мемлекеттік стандартын бекіту туралы» нормативтік-құқықтық актісінің жобасын жұртшылық талқысына шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Жобада 9-сыныптағы апталық оқу жүктемесін бір сағатқа қысқартудың есебінен 6-сыныптың апталық сағатын 29 сағаттан 30 сағатқа дейін көбейту көзделіп отыр. 6-сыныптың апталық жүктемесін арттыру шет тілін оқыту сапасын арттыруға бағытталған. Оқушыларға шет тілін аптасына 4 сағат (2+2) оқыту ұсынылады. Қырғызстан білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс мектеп бітірушілерінің болашақта алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін арттырады.

2017-2018 оқу жылында Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 5-сыныптан бастап жоғары сыныптарда шет тілдерін оқуға бөлінетін сағаттарды көбейту бастамасын педагогтар мен ата-аналар қолдаған болатын. Базалық оқу жоспарына сәйкес, 5-сынып оқушылары шет тілін бұрынғысынша 2 сағат емес, 5 сағат оқиды. Ал биыл 6-сынып оқушыларының шет тілін оқу сағаттарын арттыруға күш салынып отыр.

Соңғы жаңалықтар