Қырғызстан Лукашенконың Бакиевпен кездесуіне байланысты наразылық нотасын жолдады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат-Кабар – Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне Қырғызстандағы Беларусь Республикасының елшілік ісіндегі уақытша сенімді уәкілі С.Иванов шақыртылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Беларусь президенті Александр Лукашенконың Құрманбек Бакиевпен кездесуі туралы Беларусь Республикасы президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2019 жылдың 7 тамызында Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы Беларусь Республикасының елшілік ісіндегі уақытша сенімді уәкілі С.Ивановты шақырды», - делінген Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кездесу барысында Қырғызстанда сотталушы тұлғамен ресми ашық байланысты жалғастыруға наразылық білдірілген Қырғызстан СІМ-нің нотасы табысталды.

«Қырғыз тарапы осы кездесу барысында Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануына және екі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастық қағидаттарына мүлдем сәйкес келмейтін қырғыз-беларусь достығы туралы сөз қозғауға жол берілмейді деп санайды.

Қырғыз тарапы Беларусь Республикасының ресми билігін осы жағдайға көзқарасты өзгертіп, екіжақты ынтымақтастықтың жағымды жағына назар аударуға шақырады», - деп мәлімдеді Қырғызстан СІМ.

Соңғы жаңалықтар