Қырғызстан Қазақстаннан жеткізілетін құс етіне шектеуді алып тастады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Қазақстаннан жеткізілетін құс еті мен құс еті өнімдеріне қойылған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР ветеринария және фитосанитария жөніндегі мемлекеттік инспекциясы мәлім етті.

Инспекцияның хабарлауынша, бұл шешім «Ветеринария бойынша Ұлттық референтті орталық» РМК эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі лабораториялық зерттеулер нәтижесін Қазақстанның растауы негізінде» қабылданған.

Еске сала кетейік, Қырғызстан 2018 жылдың 8 қазан күні Қазақстаннан құс етін кіргізуге уақытша тыйым салған болатын.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғыз Республикасының Алматы мен Солтүстік Қазақстаннан жұмыртқа мен құс етін кіргізуге қойған шектеуін заңға қайшы деген болатын. 

«Қырғыз Республикасының Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқаны әкелуге шектеу енгізгені заңсыз. Соңғы 10 жылдың ішінде Алматы облысында құс аурулары тіркелген жоқ. Ал Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында құстардың Ньюкасл індеті бойынша жарияланған карантин 2018 жылы 19 қыркүйекте алып тастады. Осыған байланысты Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқаны әкелуге Қырғыз Республикасының енгізген шектеулері құқыққа жат болып табылады», - делінген АШМ ресми хабарламасында. 

Ведомство тиісті хатты Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік бойынша Мемлекеттік инспекциясына жібергендерін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар