Қырғызстан – Қазақстан шекарасында жүк көліктерінің кептелісі пайда болды

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Ақ-тілек-автожол» және «Кен-Булун-автожол» бақылау-өткізу пункттерінің алдында жүк көліктерінің кептелісі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ақпарат және коммуникациялар басқармасының дерегіне сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша «Кен-Булун-автожол» БӨП алдында 110 автомашина, ал «Ақ-тілек-автожол» БӨП алдында Қырғызстаннан шығуға 140-қа жуық автомашина кезекте тұр.

Ведомство жүк көліктерінің кептелісі ауыл шаруашылығы өнімі экспортының артуына байланысты туындап отырғанын хабарлады. Тез бұзылатын өнімдерді тиеген жүк көліктері мемлекеттік шекарадан кезексіз өтіп жатыр.

Қырғызстан – Қазақстан мемлекеттік шекарасының басқа өткізу пункттерінде адам мен автокөлік кептелісі тіркелген жоқ. Шекарадан өту кезінде жүк тасымалдаушыларға қандай да бір шектеулер қойылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымнан бастап Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көлігінің жиналып қалғаны байқалған еді.


Соңғы жаңалықтар